Материалы за Мамыр 2026 года » Страница 2 » №144 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№144 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 374-70-71
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-70-65
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Мамыр 2026 года » Страница 2
Ардагерлерге құрмет — ұрпақ парызы
08
мамыр
2026
Ардагерлерге құрмет — ұрпақ парызы
7 «В» сынып оқушылары Глазкова Анна Степановна апайды мерекемен құттықтады. Оқушылар ардагерге ерлігі, қайсарлығы және Жеңіске қосқан үлесі үшін алғыстарын білдірді. Анна Степановна 94 жасқа толды. Мектеп оқушылары оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және ашық аспан тіледі. 6 «А» сынып оқушылары тыл ардагері Амира Умаровна апайды құттықтады. Оқушылар жылы лебіздерін білдіріп, соғыс жылдарындағы ерен еңбегі үшін ризашылықтарын айтты. Кездесу жылы әрі әсерлі жағдайда өтті.
Жеңіс күні қарсаңында ардагерге құрмет
06
мамыр
2026
Жеңіс күні қарсаңында ардагерге құрмет
10 «А» сынып оқушылары Долинская Тамара Артемовна апайды келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтады. Оқушылар ардагерге гүл шоқтарын табыстап, ізгі тілектерін білдірді. Олар бейбіт өмір мен Жеңіс үшін алғыстарын айтып, зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі. Ученики 10 «А» класса поздравили Долинская Тамара Артемовна с наступающим Днём Победы! Ребята вручили цветы и выразили слова благодарности за мужество, стойкость и мирное небо над головой. Пожелали ветерану крепкого здоровья, счастья и долгих лет
1 мамыр – бірлік пен достық мерекесі
02
мамыр
2026
1 мамыр – бірлік пен достық мерекесі
1 мамыр күні Сайран көлінің жағалауында өткен Халықтар достығы мерекесінде мектебіміз ұйғыр диаспорасы мен оның бай мәдениетін лайықты түрде таныстырды. Оқушылар қонақтарды ұйғыр халқының ұлттық дәстүрлерімен таныстырып, ұлттық тағамдарын ұсынып, әсерлі әрі көңілді би өнерлерін көрсетті. Іс-шараға мектеп мұғалімдері, әкімшілік өкілдері және ата-аналар да қатысып, қатысушыларға қолдау білдіріп, достық пен бірлікке толы мерекелік атмосфераны бірге бөлісті. Мереке жоғары деңгейде өтіп, барша
Асанова Эвилина халықаралық жарыста жүлделі II орын иеленді
02
мамыр
2026
Асанова Эвилина халықаралық жарыста жүлделі II орын иеленді
Мектебіміздің оқушысы Асанова Эвилина Бішкек қаласында өткен халықаралық волейбол жарысында мектебіміздің намысын абыроймен қорғады. VB Team клубының құрамында өнер көрсеткен Эвилина жоғары спорттық шеберлігін, командалық бірлігін және жеңіске деген жігерін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша команда жүлделі II орынды иеленді. Бұл жетістік – табанды еңбектің, үздіксіз жаттығудың және мақсатқа ұмтылыстың нәтижесі. Асанова Эвелинаны және оның командасын жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Назад 1 2 Вперед