Жетістіктеріміз » №144 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№144 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 374-70-71
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-70-65
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жетістіктеріміз
Зияткерлік жеңіс: оқушыларымыз Dostyq олимпиадасында жеңілдіктерге ие болды!
19
мамыр
2026
Зияткерлік жеңіс: оқушыларымыз Dostyq олимпиадасында жеңілдіктерге ие
«Dostyq» білім беру орталығының ұйымдастыруымен 10-сынып оқушылары арасында өткен қалалық Dostyq олимпиадасы өз мәресіне жетті. Білім додасында мектебіміздің дарынды оқушылары жоғары дайындық пен үздік нәтиже көрсетті. Олимпиада қорытындысы бойынша біздің шәкірттеріміз арнайы сертификаттарға ие болып, 2026-2027 оқу жылында «Dostyq» орталығында оқу жеңілдігін (гранттар мен жеңілдіктер) жеңіп алды! бұл жетістік — оқушыларымыздың қажырлы еңбегі мен ұстаздардың берген терең білімінің жемісі.
«Зерде» және «Дарын» ғылыми жобаларының мектеп кезеңі қорытындыланды
13
мамыр
2026
«Зерде» және «Дарын» ғылыми жобаларының мектеп кезеңі қорытындыланды
Мектебімізде «Зерде» және «Дарын» республикалық ғылыми жобаларының мектепішілік кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Қатысушыларды профессор Ернар Шауенович құттықтап, марапаттады. Өз сөзінде ол оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытуы – олардың білімге деген құштарлығы мен шығармашылық әлеуетінің айқын көрінісі екенін атап өтті. Сонымен қатар, жас зерттеушілерге алдағы байқау кезеңдерінде сәттілік тіледі. Байқау қорытындысы бойынша үздік жобалар
Асанова Эвилина халықаралық жарыста жүлделі II орын иеленді
02
мамыр
2026
Асанова Эвилина халықаралық жарыста жүлделі II орын иеленді
Мектебіміздің оқушысы Асанова Эвилина Бішкек қаласында өткен халықаралық волейбол жарысында мектебіміздің намысын абыроймен қорғады. VB Team клубының құрамында өнер көрсеткен Эвилина жоғары спорттық шеберлігін, командалық бірлігін және жеңіске деген жігерін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша команда жүлделі II орынды иеленді. Бұл жетістік – табанды еңбектің, үздіксіз жаттығудың және мақсатқа ұмтылыстың нәтижесі. Асанова Эвелинаны және оның командасын жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
3-сынып оқушыларының «Zerdeli urpaq» олимпиадасындағы жарқын жеңісі
22
сәуір
2026
3-сынып оқушыларының «Zerdeli urpaq» олимпиадасындағы жарқын жеңісі
Мектебіміздің 3-сынып оқушылары аудандық «Zerdeli urpaq» олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетіп, ІІ орын иеленді. Жеңімпаздар 30 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйақымен марапатталып, сондай-ақ 10 оқушыға арналған Zerdeli app мобильді қосымшасына 1 айлық тегін жазылым сертификатына ие болды. Бұл жетістік — оқушыларымыздың білімге деген құштарлығы мен ұстаздарының тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа
ТЕАТРАЛДЫҚ СТУДИЯЛАР БАЙҚАУЫНДА ГРАН-ПРИ
14
сәуір
2026
ТЕАТРАЛДЫҚ СТУДИЯЛАР БАЙҚАУЫНДА ГРАН-ПРИ
10 «А» және 10 «В» сыныптарының шығармашылық тобы театрлық студиялар байқауында мектебіміздің намысын абыроймен қорғап, ең жоғары марапат — ГРАН-ПРИ иеленді! «Лучше всех» атты қойылымы оқушылардың актерлік шеберлігін, сахналық мәдениетін және шығармашылық қабілетін жоғары деңгейде көрсетті. Қойылымның мазмұны терең, орындалуы әсерлі әрі көрерменге ерекше эмоциялық ықпал етті. Қазылар алқасы қатысушылардың бірлігі мен үйлесімділігін, көркемдік тұтастығын және негізгі ойды сахна арқылы жеткізе
Халықаралық байқауда ГРАН-ПРИ жүлдесі
13
сәуір
2026
Халықаралық байқауда ГРАН-ПРИ жүлдесі
Мектебіміздің оқушылары жоғары деңгейдегі орындаушылық шеберліктерін көрсетіп, Халықаралық байқаудың ең жоғары марапаты — ГРАН-ПРИ жүлдесіне ие болды. Бұл жетістік білім алушылардың көркемдік-шығармашылық құзыреттіліктерінің қалыптасқанын, табандылығы мен жүйелі еңбегінің нәтижесін айқындайды. Оқушыларымызды осы айтулы жеңісімен құттықтай отырып, мектеп намысын халықаралық деңгейде абыроймен қорғағаны үшін алғысымызды білдіреміз. Сондай-ақ жетекшісі — музыка пәнінің мұғалімі Айжан Кураловнаға
«Трансляция из педагогического опыта на основе  учебно-методических материалов и авторских программ
08
сәуір
2026
«Трансляция из педагогического опыта на основе учебно-методических
«КММ №144 мектеп-гимназиясы мұғалімдерінің оқу-әдістемелік материалдары мен авторлық бағдарламалары негізінде педагогикалық тәжірибені трансляциялау» Өткізу күні: 08.04.2026 ж. Қатысқандардың жалпы саны: 21 Конференцияның күн тәртібі: Мұрат Айман Мұратқызының «Қазақ тіліндегі қарым-қатынас мәдениеті: дәстүрден цифрлық және жасанды интеллект ортасына» тақырыбындағы авторлық бағдарламасы бойынша баяндамасы.
🏆 Оқушымыз қалалық байқауда жүлделі орынға ие болды
04
сәуір
2026
🏆 Оқушымыз қалалық байқауда жүлделі орынға ие болды
КММ «№144 мектеп-гимназиясының» 9 «Б» сынып оқушысы Нургожа Жанерке «Менің бастамам – менің Отаным үшін» жобасы аясында «Медеу» тақырыбындағы өз жұмысын ұсынды. Жоба мазмұны Медеу мұз айдынының тарихи, мәдени және әлеуметтік маңызын жан-жақты ашуға бағытталған. ​https://youtu.be/Q5VPPBs_aq4?si=VQ1Tg3iP_ITgEoFL​​​
«Қазақстанның жеті кереметі» байқауы
03
сәуір
2026
«Қазақстанның жеті кереметі» байқауы
https://youtu.be/FeJwnMqqNDQ Жаһандану жағдайында ұлттық мәдени мұраны сақтау мен насихаттау ерекше маңызға ие. Мәдени сәйкестік туралы тұжырымдамаларға сәйкес, тарихи ескерткіштерді тану мен зерделеу жас ұрпақтың елге деген құрметі мен азаматтық санасының қалыптасуына ықпал етеді. КГУ «№144 мектеп-гимназиясының» 11 «А» сынып оқушысы Хамраева Дильназ «Қазақстанның жеті кереметі» байқауына қатысып, Тамғалы археологиялық кешеніне арналған зерттеу жұмысын ұсынды.
Мектебіміздің оқушылары спорт саласында жоғары нәтижелер көрсетуде.
01
сәуір
2026
Мектебіміздің оқушылары спорт саласында жоғары нәтижелер көрсетуде.
Аудандық футбол жарысында 4-сынып оқушылары (қыздар) тамаша ойын өрнегін көрсетіп, ІІ орынға ие болды. Сонымен қатар, 2–3 сынып оқушылары (қыздар) да белсенді қатысып, ІІІ орынды иеленді. Бұл жетістіктер – оқушыларымыздың спортқа деген қызығушылығының, табандылығының және командалық рухының айқын дәлелі. Жеңімпаздарымызды құттықтай отырып, алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз!
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 22 Вперед