Іс-шаралар » №144 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№144 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 374-70-71
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-70-65
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Іс-шаралар
1 мамыр – бірлік пен достық мерекесі
02
мамыр
2026
1 мамыр – бірлік пен достық мерекесі
1 мамыр күні Сайран көлінің жағалауында өткен Халықтар достығы мерекесінде мектебіміз ұйғыр диаспорасы мен оның бай мәдениетін лайықты түрде таныстырды. Оқушылар қонақтарды ұйғыр халқының ұлттық дәстүрлерімен таныстырып, ұлттық тағамдарын ұсынып, әсерлі әрі көңілді би өнерлерін көрсетті. Іс-шараға мектеп мұғалімдері, әкімшілік өкілдері және ата-аналар да қатысып, қатысушыларға қолдау білдіріп, достық пен бірлікке толы мерекелік атмосфераны бірге бөлісті. Мереке жоғары деңгейде өтіп, барша
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы сенбілік
27
сәуір
2026
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы сенбілік
🌿«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында мектебіміздің ұжымы сенбілікке белсене қатысты. Іс-шара Есентай өзені жағалауында өтті. Қатысушылар белгіленген аумақта тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты. Табиғатты аялау, қоршаған ортаны таза ұстау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз. Осындай игі бастамалар қоғамда экологиялық жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.
«Чемпиондық рух» жобасы
21
сәуір
2026
«Чемпиондық рух» жобасы
https://www.instagram.com/reel/DXYctVRgh7g/?igsh=aGM2dmxoZDA3bWNn Бүгін мектебімізде Алматы қаласы Білім басқармасы және «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты ұйымдастыруымен  «Чемпиондық рух» жобасы аясында жалпы жаттығу өткізілді. Аталған шараға 200-ге жуық оқушы қатысып, белсенділік танытты. Жаттығудың негізгі мақсаты – жастар арасында есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту. Осындай бастамалар алдағы уақытта да
ТЕАТРАЛДЫҚ СТУДИЯЛАР БАЙҚАУЫНДА ГРАН-ПРИ
14
сәуір
2026
ТЕАТРАЛДЫҚ СТУДИЯЛАР БАЙҚАУЫНДА ГРАН-ПРИ
10 «А» және 10 «В» сыныптарының шығармашылық тобы театрлық студиялар байқауында мектебіміздің намысын абыроймен қорғап, ең жоғары марапат — ГРАН-ПРИ иеленді! «Лучше всех» атты қойылымы оқушылардың актерлік шеберлігін, сахналық мәдениетін және шығармашылық қабілетін жоғары деңгейде көрсетті. Қойылымның мазмұны терең, орындалуы әсерлі әрі көрерменге ерекше эмоциялық ықпал етті. Қазылар алқасы қатысушылардың бірлігі мен үйлесімділігін, көркемдік тұтастығын және негізгі ойды сахна арқылы жеткізе
Алматы – таза қала: мектеп мұғалімдері мен әкімшілігі сенбілікке қатысты
04
сәуір
2026
Алматы – таза қала: мектеп мұғалімдері мен әкімшілігі сенбілікке
«Алматы – таза қала» экологиялық бастамасы аясында, қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған шараға мектеп мұғалімдері мен әкімшілігі белсенді қатысып, қалалық сенбілікке қосылды. Сенбілік барысында қатысушылар мектеп аумағын және маңайдағы жерлерді тазалап, қоқыстарды жинап, газондар мен гүлзарларды ретке келтіріп, мектеп ауласын көгалдандыруға да үлес қосты. Жұмыс жылы атмосферада өтті, әрбір қатысушы қоршаған ортаны әсемдеу үшін өз үлесін қосты.
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинарға педагогтердің қатысуы
27
наурыз
2026
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинарға педагогтердің қатысуы
Бүгін мектебіміздің педагогтері халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында өткен маңызды семинарға қатысты 📚✨ «Мектепшілік бақылау» жүйесін заманауи мектептің оқу-тәрбие процесін тиімді басқарудың негізгі құралы ретінде қарастыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шара жоғары деңгейде өтті. Семинар барысында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында тәжірибе алмасып, озық педагогикалық әдістер талқыланды. Іс-шараға «№166 лицей» КММ және «№144 мектеп-гимназия» КММ педагогтері
№5 Педагогикалық кеңес
20
наурыз
2026
№5 Педагогикалық кеңес
№5 Педагогикалық кеңес өтті. Мектебімізде кезекті педагогикалық кеңес отырысы өтті. Күн тәртібінде ұжым тыныс-тіршілігінің негізгі мәселелері: ІІІ тоқсандағы оқу қызметінің қорытындыларынан бастап, заманауи білім беру технологияларын енгізу және қауіпсіздік мәселелері талқыланды.
Мектебімізде Наурыз мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті
18
наурыз
2026
Мектебімізде Наурыз мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті
Аталған мерекені қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі ұйымдастырды. Іс-шара барысында ұлттық салт-дәстүрлер дәріптеліп, оқушылар ән айтып, би билеп, өлеңдер оқыды. Сонымен қатар, ұлттық ойындар ойнатылып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйланды. Наурыз – жаңару мен жақсылықтың, бірлік пен татулықтың мерекесі. Осындай іс-шаралар арқылы оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген құрметі арта түседі.
Құқықтық білім беру: Заң мен тәртіп негізі
16
наурыз
2026
Құқықтық білім беру: Заң мен тәртіп негізі
Мектебімізде оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңды құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Құқықтық білім беру» бағыты іске асырылуда. Негізгі бағыттар: Құқық пен міндет: Өз құқықтарыңды білу және өзгенің құқығын құрметтеу. Заңдылық: Қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңыздылығы. Жауапкершілік: Құқық бұзушылықтың алдын алу және әрекет үшін жауап беру.
«Көмек»: Біз біргеміз!
16
наурыз
2026
«Көмек»: Біз біргеміз!
Мектебімізде оқушылар арасында өзара қолдау көрсету және қайырымдылық мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Көмек» бағыты жұмыс істейді. Негізгі мақсаттар: Өзара көмек: Бір-біріне оқуда және күнделікті өмірде қол ұшын созу. Волонтерлік: Қайырымдылық іс-шараларына белсенді қатысу. Қолдау: Мұқтаж жандарға жылулық сыйлау. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл». Біз бір-бірімізге көмектесу арқылы мектебімізді мейірімді етеміз!
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 45 Вперед