«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы сенбілік
🌿«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында мектебіміздің ұжымы сенбілікке белсене қатысты. Іс-шара Есентай өзені жағалауында өтті. Қатысушылар белгіленген аумақта тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты. Табиғатты аялау, қоршаған ортаны таза ұстау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз. Осындай игі бастамалар қоғамда экологиялық жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.