«Зерде» және «Дарын» ғылыми жобаларының мектеп кезеңі қорытындыланды
Мектебімізде «Зерде» және «Дарын» республикалық ғылыми жобаларының мектепішілік кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Қатысушыларды профессор Ернар Шауенович құттықтап, марапаттады. Өз сөзінде ол оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытуы – олардың білімге деген құштарлығы мен шығармашылық әлеуетінің айқын көрінісі екенін атап өтті. Сонымен қатар, жас зерттеушілерге алдағы байқау кезеңдерінде сәттілік тіледі.
Байқау қорытындысы бойынша үздік жобалар грамоталармен және дипломдармен марапатталды. Оқушылар өздерінің терең ізденісімен, тың идеяларымен және жоғары дайындық деңгейімен ерекшеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен ғылыми ізденістерде толағай табыс тілейміз!
В нашей школе состоялась торжественная церемония награждения победителей и призёров школьного этапа республиканских научных проектов «Зерде» и «Дарын».
Участников конкурса поздравил и наградил профессор Ернар Шауенович. В своей поздравительной речи он отметил значимость научно-исследовательской деятельности для развития интеллектуального потенциала школьников, подчеркнув важность стремления к знаниям, творческого поиска и упорства в достижении поставленных целей.
По итогам школьного этапа лучшие проекты были отмечены грамотами и дипломами. Учащиеся продемонстрировали высокий уровень подготовки, оригинальность идей и серьёзный исследовательский подход.
Поздравляем победителей и призёров конкурса! Желаем дальнейших успехов, новых научных открытий и достойного представления нашей школы на следующих этапах проектов «Зерде» и «Дарын».





