1 мамыр – бірлік пен достық мерекесі
1 мамыр күні Сайран көлінің жағалауында өткен Халықтар достығы мерекесінде мектебіміз ұйғыр диаспорасы мен оның бай мәдениетін лайықты түрде таныстырды.
Оқушылар қонақтарды ұйғыр халқының ұлттық дәстүрлерімен таныстырып, ұлттық тағамдарын ұсынып, әсерлі әрі көңілді би өнерлерін көрсетті.
Іс-шараға мектеп мұғалімдері, әкімшілік өкілдері және ата-аналар да қатысып, қатысушыларға қолдау білдіріп, достық пен бірлікке толы мерекелік атмосфераны бірге бөлісті.
Мереке жоғары деңгейде өтіп, барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй мен жарқын әсер сыйлады.
1 мая — праздник единства и дружбы
1 мая на Сайран состоялся Праздник дружбы народов, в котором наша школа достойно представила уйгурскую диаспору и её богатую культуру.
Учащиеся познакомили гостей мероприятия с национальными традициями уйгурского народа, представили элементы национальной кухни и порадовали зрителей яркими, зажигательными танцевальными номерами.
На празднике также присутствовали педагоги, администрация школы и родители, которые поддержали участников и разделили атмосферу единства, дружбы и взаимного уважения.
Мероприятие прошло ярко, красочно и подарило всем участникам массу положительных эмоций и отличное настроение.



