Зияткерлік жеңіс: оқушыларымыз Dostyq олимпиадасында жеңілдіктерге ие
«Dostyq» білім беру орталығының ұйымдастыруымен 10-сынып оқушылары арасында өткен қалалық Dostyq олимпиадасы өз мәресіне жетті. Білім додасында мектебіміздің дарынды оқушылары жоғары дайындық пен үздік нәтиже көрсетті. Олимпиада қорытындысы бойынша біздің шәкірттеріміз арнайы сертификаттарға ие болып, 2026-2027 оқу жылында «Dostyq» орталығында оқу жеңілдігін (гранттар мен жеңілдіктер) жеңіп алды! бұл жетістік — оқушыларымыздың қажырлы еңбегі мен ұстаздардың берген терең білімінің жемісі.