Материалы за Мамыр 2026 года » №144 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№144 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 374-70-71
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-70-65
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Мамыр 2026 года
9 сыныптарға арналған Ашық есік күні
22
мамыр
2026
9 сыныптарға арналған Ашық есік күні
📚 21 мамыр күні мектебімізде 9-сынып оқушылары мен ата-аналарға арналған Ашық есік күні өтті. Іс-шараға қала колледждерінің өкілдері қатысып, ата-аналар мен оқушыларды өз оқу орындарымен таныстырды. Қонақтар сұранысқа ие мамандықтар, оқуға қабылдау шарттары мен болашақ мүмкіндіктер туралы толық ақпарат алды. Әр колледж өз бағыттарын таныстырып, мазмұнды презентациялар өткізді. Бұл кездесу оқушыларға болашақ мамандығын таңдауға бағыт-бағдар берді. Кездесу соңында пән мұғалімдері ата-аналар мен
Зияткерлік жеңіс: оқушыларымыз Dostyq олимпиадасында жеңілдіктерге ие болды!
19
мамыр
2026
Зияткерлік жеңіс: оқушыларымыз Dostyq олимпиадасында жеңілдіктерге ие
«Dostyq» білім беру орталығының ұйымдастыруымен 10-сынып оқушылары арасында өткен қалалық Dostyq олимпиадасы өз мәресіне жетті. Білім додасында мектебіміздің дарынды оқушылары жоғары дайындық пен үздік нәтиже көрсетті. Олимпиада қорытындысы бойынша біздің шәкірттеріміз арнайы сертификаттарға ие болып, 2026-2027 оқу жылында «Dostyq» орталығында оқу жеңілдігін (гранттар мен жеңілдіктер) жеңіп алды! бұл жетістік — оқушыларымыздың қажырлы еңбегі мен ұстаздардың берген терең білімінің жемісі.
Маңызды хабарландыру: Оқу жылының аяқталуына байланысты ескерту
18
мамыр
2026
Маңызды хабарландыру: Оқу жылының аяқталуына байланысты ескерту
Құрметті ата-аналар! 2025–2026 оқу жылының аяқталуы және қорытынды аттестаттау кезеңіне байланысты «№144 мектеп-гимназия» КММ әкімшілігі төмендегі талаптарды еске салады: * Мұғалімдерге сыйлық беруге және ақша жинауға тыйым салынады; * Аниматорлар, мерекелік студиялар мен агенттіктерді шақыруға жол берілмейді; * Автокөлік шеруін ұйымдастыруға, мейрамхана, дәмхана және ойын-сауық орындарына баруға тыйым салынады; * Мектеп ішінде және одан тыс жерде мерекелік дастарқан мен іс-шара ұйымдастыруға
«Зерде» және «Дарын» ғылыми жобаларының мектеп кезеңі қорытындыланды
13
мамыр
2026
«Зерде» және «Дарын» ғылыми жобаларының мектеп кезеңі қорытындыланды
Мектебімізде «Зерде» және «Дарын» республикалық ғылыми жобаларының мектепішілік кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Қатысушыларды профессор Ернар Шауенович құттықтап, марапаттады. Өз сөзінде ол оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытуы – олардың білімге деген құштарлығы мен шығармашылық әлеуетінің айқын көрінісі екенін атап өтті. Сонымен қатар, жас зерттеушілерге алдағы байқау кезеңдерінде сәттілік тіледі. Байқау қорытындысы бойынша үздік жобалар