🏆 Оқушымыз қалалық байқауда жүлделі орынға ие болды
https://youtu.be/Q5VPPBs_aq4?si=VQ1Tg3iP_ITgEoFL



КММ «№144 мектеп-гимназиясының» 9 «Б» сынып оқушысы Нургожа Жанерке «Менің бастамам – менің Отаным үшін» жобасы аясында «Медеу» тақырыбындағы өз жұмысын ұсынды. Жоба мазмұны Медеу мұз айдынының тарихи, мәдени және әлеуметтік маңызын жан-жақты ашуға бағытталған.
Жанеркенің зерттеуінде «Медеу» тек спорттық нысан ретінде ғана емес, сонымен қатар еліміздің жетістіктерін, туризмін және ұлттық мақтанышын бейнелейтін маңызды символ ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, жоба аясында экологиялық жауапкершілік, мәдени мұраны сақтау және салауатты өмір салтын насихаттау мәселелері де қамтылған.
Алматы қаласының Білім басқармасы ұйымдастырған қосымша білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өткен «Менің Отаным – менің бастамам» атты қалалық шығармашылық жобалар байқауында мектебіміздің оқушысы Нұрғожа Жанерке жоғары нәтиже көрсетті.
Аталған байқаудың «Қазақстанның жеті кереметі» («Семь чудес Казахстана») номинациясы бойынша Жанерке ІІІ орын иегері атанып, арнайы мадақтамамен марапатталды.
Жетекшісі – Ибышева М.А.
Бұл жетістік – оқушымыздың шығармашылық ізденісінің, туған елге деген сүйіспеншілігінің және жүйелі еңбегінің айқын көрінісі. Сонымен қатар, жетекшісінің кәсіби бағыт-бағдары мен педагогикалық шеберлігінің нәтижесі болып табылады.
Мектеп ұжымы жеңімпаз оқушымызды және жетекшісін шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындыруына тілектестік білдіреді!
🏆 Наша ученица — призёр городского конкурса
Ученица 9 «Б» класса КГУ «Школа-гимназия №144» Нургожа Жанерке представила свой проект «Медеу» в рамках республиканской инициативы «Моя инициатива — моей Родине». В центре её работы — осмысление культурного, исторического и социального значения высокогорного спортивного комплекса Медеу как одного из символов Казахстана.
Ученица нашей школы Нургожа Жанерке приняла участие в городском конкурсе творческих проектов «Моя Родина – моя инициатива», организованном Управлением образования города Алматы среди учащихся общеобразовательных школ и организаций дополнительного образования.
В рамках номинации «Семь чудес Казахстана» Жанерке заняла почётное III место и была награждена благодарственным письмом.
Научный руководитель – Ибышева М.А.
Данное достижение является результатом целенаправленной творческой деятельности учащейся, её гражданской позиции и интереса к культурному наследию страны. Важную роль также сыграли профессионализм и педагогическое сопровождение руководителя.
Коллектив школы поздравляет Жанерке и её руководителя с заслуженной наградой и желает дальнейших успехов и новых достижений!