Оқушылар жетістіктері » №144 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№144 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 374-70-71
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-70-65
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқушылар жетістіктері
Зияткерлік жеңіс: оқушыларымыз Dostyq олимпиадасында жеңілдіктерге ие болды!
19
мамыр
2026
Зияткерлік жеңіс: оқушыларымыз Dostyq олимпиадасында жеңілдіктерге ие
«Dostyq» білім беру орталығының ұйымдастыруымен 10-сынып оқушылары арасында өткен қалалық Dostyq олимпиадасы өз мәресіне жетті. Білім додасында мектебіміздің дарынды оқушылары жоғары дайындық пен үздік нәтиже көрсетті. Олимпиада қорытындысы бойынша біздің шәкірттеріміз арнайы сертификаттарға ие болып, 2026-2027 оқу жылында «Dostyq» орталығында оқу жеңілдігін (гранттар мен жеңілдіктер) жеңіп алды! бұл жетістік — оқушыларымыздың қажырлы еңбегі мен ұстаздардың берген терең білімінің жемісі.
«Зерде» және «Дарын» ғылыми жобаларының мектеп кезеңі қорытындыланды
13
мамыр
2026
«Зерде» және «Дарын» ғылыми жобаларының мектеп кезеңі қорытындыланды
Мектебімізде «Зерде» және «Дарын» республикалық ғылыми жобаларының мектепішілік кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Қатысушыларды профессор Ернар Шауенович құттықтап, марапаттады. Өз сөзінде ол оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытуы – олардың білімге деген құштарлығы мен шығармашылық әлеуетінің айқын көрінісі екенін атап өтті. Сонымен қатар, жас зерттеушілерге алдағы байқау кезеңдерінде сәттілік тіледі. Байқау қорытындысы бойынша үздік жобалар
Асанова Эвилина халықаралық жарыста жүлделі II орын иеленді
02
мамыр
2026
Асанова Эвилина халықаралық жарыста жүлделі II орын иеленді
Мектебіміздің оқушысы Асанова Эвилина Бішкек қаласында өткен халықаралық волейбол жарысында мектебіміздің намысын абыроймен қорғады. VB Team клубының құрамында өнер көрсеткен Эвилина жоғары спорттық шеберлігін, командалық бірлігін және жеңіске деген жігерін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша команда жүлделі II орынды иеленді. Бұл жетістік – табанды еңбектің, үздіксіз жаттығудың және мақсатқа ұмтылыстың нәтижесі. Асанова Эвелинаны және оның командасын жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
ТЕАТРАЛДЫҚ СТУДИЯЛАР БАЙҚАУЫНДА ГРАН-ПРИ
14
сәуір
2026
ТЕАТРАЛДЫҚ СТУДИЯЛАР БАЙҚАУЫНДА ГРАН-ПРИ
10 «А» және 10 «В» сыныптарының шығармашылық тобы театрлық студиялар байқауында мектебіміздің намысын абыроймен қорғап, ең жоғары марапат — ГРАН-ПРИ иеленді! «Лучше всех» атты қойылымы оқушылардың актерлік шеберлігін, сахналық мәдениетін және шығармашылық қабілетін жоғары деңгейде көрсетті. Қойылымның мазмұны терең, орындалуы әсерлі әрі көрерменге ерекше эмоциялық ықпал етті. Қазылар алқасы қатысушылардың бірлігі мен үйлесімділігін, көркемдік тұтастығын және негізгі ойды сахна арқылы жеткізе
Халықаралық байқауда ГРАН-ПРИ жүлдесі
13
сәуір
2026
Халықаралық байқауда ГРАН-ПРИ жүлдесі
Мектебіміздің оқушылары жоғары деңгейдегі орындаушылық шеберліктерін көрсетіп, Халықаралық байқаудың ең жоғары марапаты — ГРАН-ПРИ жүлдесіне ие болды. Бұл жетістік білім алушылардың көркемдік-шығармашылық құзыреттіліктерінің қалыптасқанын, табандылығы мен жүйелі еңбегінің нәтижесін айқындайды. Оқушыларымызды осы айтулы жеңісімен құттықтай отырып, мектеп намысын халықаралық деңгейде абыроймен қорғағаны үшін алғысымызды білдіреміз. Сондай-ақ жетекшісі — музыка пәнінің мұғалімі Айжан Кураловнаға
Даруга Мирон — «Оңтүстік мұз» хоккей турнирінің күміс жүлдегері 🏅
18
ақпан
2026
Даруга Мирон — «Оңтүстік мұз» хоккей турнирінің күміс жүлдегері 🏅
1 «Б» сынып оқушысы Даруга Мирон «Оңтүстік мұз» атты хоккей турнирінде «Медведи» командасының құрамында сәтті өнер көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша команда құрметті ІІ орынды иеленді. 🏅 Алма-Ата командасына қарсы өткен матчта Мирон тамаша ойын өрнегін көрсетіп, жігерлілігі мен нағыз спорттық мінезін танытты. Осы кездесуде ол матчтың үздік ойыншысы атанды. 👏👏👏 Миронды лайықты жетістігімен құттықтаймыз! Оған жаңа жеңістер, спорттық шеберлігінің артуын және жарқын жетістіктер тілейміз! 💪
Оқушыларымыз — «Өрлеу» байқауының Гран-при иегерлері 🎸🏆
16
ақпан
2026
Оқушыларымыз — «Өрлеу» байқауының Гран-при иегерлері 🎸🏆
Оқушыларымыз «Орлеу» байқауында жоғары деңгейде өнер көрсетіп, гитарада ойнау шеберлігі арқылы Гран-при жүлдесін жеңіп алды. 🎶 Бұл жеңіс — табанды еңбектің, үздіксіз дайындықтың, жіберілген қателіктерден сабақ алудың, шығармашылық өсудің және өз-өзіне деген сенімнің нәтижесі. Әрбір өнер көрсету сайын олардың орындаушылық шеберлігі артып, өздеріне деген сенімі нығая түсуде. Жеңістеріңіз құтты болсын! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруларыңызға тілектеспіз! 👏✨
№144 мектеп оқушыларының «Almaty Open» турниріндегі жеңісі 🏆
09
ақпан
2026
№144 мектеп оқушыларының «Almaty Open» турниріндегі жеңісі 🏆
8 ақпан күні Алматы қаласында жыл сайынғы «Almaty Open» турнирі өтті. Аталған жарыста №144 мектеп-гимназиясының оқушылары IKIGAI командасының құрамында жоғары нәтиже көрсетіп, мектеп намысын абыроймен қорғады. 🏆🥇 Чернобай Константин, 5 «Б» сынып — I орын 🏆🥇 Кабилова Ясмина, 5 «В» сынып — I орын 🥈 Серікказы Алихан, 3 «А» сынып — II орын 🥉 Калашникова Эвелина, 5 «Б» сынып — III орын 🥉 Сыдыков Ислам, 5 «Б» сынып — III орын Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жетістіктер мен толағай
🏆 Шахмат турниріндегі жеңіс
19
қаңтар
2026
🏆 Шахмат турниріндегі жеңіс
Мектебіміздің  8 «В»  сынып оқушысы  Джамалдинов Алихан  шахматтан өткен квалификациялық турнирде жоғары нәтиже көрсетіп, 1-разряд бойынша  9  мүмкін ұпайдың  7-уін  жинап,  II дәрежелі диплом  иегері атанды. Алиханды жетістігімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда жеңістерің көп болсын! 👏♟️ 🏆 Победа в шахматном турнире Ученик  8 «В» класса Джамалдинов Алихан  показал отличные результаты на квалификационном турнире по шахматам. По норме I разряда он набрал  7  баллов из  9  возможных и был
Тоғызқұмалақтан Ұлттық мектеп лигасы: аудандық кезеңде 2-орын 🥈
15
қаңтар
2026
Тоғызқұмалақтан Ұлттық мектеп лигасы: аудандық кезеңде 2-орын 🥈
Мектебіміздің оқушылары  9–11  сыныптар арасында өткен тоғызқұмалақтан Ұлттық мектеп лигасының аудандық кезеңіне қатысып,  2-орынға  ие болды 🥈. Жеңімпаздарды және жетекшісі  Жайлыбай Алмасты   құттықтаймыз!  Алдағы кезеңдерде сәттілік, жаңа жеңістер және биік жетістіктер тілейміз! Национальная школьная лига по тоғызқұмалақ: 2 место на районных соревнованиях  🥈 Учащиеся нашей школы приняли участие в районном этапе Национальной школьной лиги по тоғызқұмалақ среди учащихся  9–11  классов и заняли
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 16 Вперед