Алматы – таза қала: мектеп мұғалімдері мен әкімшілігі сенбілікке
«Алматы – таза қала» экологиялық бастамасы аясында, қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған шараға мектеп мұғалімдері мен әкімшілігі белсенді қатысып, қалалық сенбілікке қосылды. Сенбілік барысында қатысушылар мектеп аумағын және маңайдағы жерлерді тазалап, қоқыстарды жинап, газондар мен гүлзарларды ретке келтіріп, мектеп ауласын көгалдандыруға да үлес қосты. Жұмыс жылы атмосферада өтті, әрбір қатысушы қоршаған ортаны әсемдеу үшін өз үлесін қосты.