Merry Christmas
19 желтоқсанда мектебімізде ағылшын тілі мұғалімдері ұйымдастырған «Merry Christmas» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуға, ағылшын тілінде сөйлейтін елдердегі Рождество мерекесінің мәдениеті мен дәстүрлерімен таныстыруға, сондай-ақ ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылықты арттыруға бағытталды. Мереке барысында оқушылар тақырыптық байқауларға және шығармашылық қойылымдарға қатысты. Іс-шараның атмосферасы жарқын, танымдық және нағыз мерекелік болды.