Біз туралы » Страница 4 » №144 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№144 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 374-70-71
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-70-65
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясындағы экскурсиялар
13
наурыз
2026
Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясындағы экскурсиялар
Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 9-сынып оқушылары Алматы қаласындағы бірнеше колледжге экскурсия жасап, түрлі мамандықтар әлемімен танысты. Атап айтқанда, оқушылар Архитектура, дизайн және инженерия колледжіне, Алматы электромеханикалық колледжіне және Алматы сервис және технология колледжіне барды. Экскурсия барысында оқушылар колледждердегі мамандықтар туралы толық мәлімет алып, оқу кабинеттері мен шеберханаларын аралады. Сонымен қатар сәулет, дизайн, инженерия, техникалық және қызмет
9-сынып оқушылары мен ата-аналарына арналған Ашық есік күні
10
наурыз
2026
9-сынып оқушылары мен ата-аналарына арналған Ашық есік күні
10 наурыз күні сағат 17:00-де мектепте 9-сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына арналған «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді. Кездесудің негізгі мақсаты – оқушыларға болашақ мамандығын және әрі қарайғы білім алу бағытын таңдауға көмектесу мақсатындағы кәсіби бағдар беру жұмысы болды. Іс-шара көрме форматында ұйымдастырылды. Әртүрлі колледждердің өкілдері өз оқу орындары туралы, білім беру бағдарламалары, қабылдау шарттары, мамандықтар және оқу мүмкіндіктері жөнінде ақпарат ұсынды. Оқушылар
Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығы
26
ақпан
2026
Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығы
Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай 3 «В» сыныбы (сынып жетекшісі: Иргалиева Г.Е.) мектеп кітапханасында танымдық іс-шара өткізді. Оқушылар ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығымен танысып, өлеңдерін оқып, рухани мұрасын дәріптеді. Жамбыл атамыздың өнегелі сөздері мен елге деген сүйіспеншілігі – жас ұрпаққа мәңгілік үлгі.
Біздің оқушылар Каспий университетіне барды
20
ақпан
2026
Біздің оқушылар Каспий университетіне барды
Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 10-11 сынып оқушылары Каспийский университет университетіне экскурсияға барды. Экскурсия барысында оқушылар университеттегі білім беру бағыттарымен танысып, сұранысқа ие мамандықтар мен оқу мүмкіндіктері туралы ақпарат алды. Университет өкілдері білім беру бағдарламалары, студенттік өмір және болашақ кәсіби даму мүмкіндіктері туралы айтып берді. Оқушылар оқу аудиторияларын аралап, университеттің оқу ортасымен танысты. Мұндай кездесулер оқушылардың
📚 «Мектепке кітап сыйла» – білімге бастар ізгі қадам
19
ақпан
2026
📚 «Мектепке кітап сыйла» – білімге бастар ізгі қадам
📚 «Мектепке кітап сыйла» акциясы Кітап — білімнің сарқылмас қазынасы. Осы орайда мектебімізде «Мектепке кітап сыйла» акциясы ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты — мектеп кітапханасын толықтыру және оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Акция барысында оқушылар мектеп кітапханасына өз үлестерін қосып, түрлі қызықты әрі пайдалы кітаптарды сыйға тартты. 📖 Әр сыйланған кітап — білімге жасалған маңызды қадам.
Даруга Мирон — «Оңтүстік мұз» хоккей турнирінің күміс жүлдегері 🏅
18
ақпан
2026
Даруга Мирон — «Оңтүстік мұз» хоккей турнирінің күміс жүлдегері 🏅
1 «Б» сынып оқушысы Даруга Мирон «Оңтүстік мұз» атты хоккей турнирінде «Медведи» командасының құрамында сәтті өнер көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша команда құрметті ІІ орынды иеленді. 🏅 Алма-Ата командасына қарсы өткен матчта Мирон тамаша ойын өрнегін көрсетіп, жігерлілігі мен нағыз спорттық мінезін танытты. Осы кездесуде ол матчтың үздік ойыншысы атанды. 👏👏👏 Миронды лайықты жетістігімен құттықтаймыз! Оған жаңа жеңістер, спорттық шеберлігінің артуын және жарқын жетістіктер тілейміз! 💪
Жетістігімізбен мақтанамыз!
17
ақпан
2026
Жетістігімізбен мақтанамыз!
Алматы қаласы КММ «№144 мектеп-гимназиясының» 7 «Б» сынып оқушысы Шин Елена жетекшісі Дашкевич Елена Валерьевнамен бірге қалалық олимпиадада III орын иеленді! 🎉 Бұл – табандылықтың, жүйелі дайындықтың және жоғары білім деңгейінің нәтижесі. Оқушымыздың жетістігіне шын жүректен қуанып, жетекшісіне кәсіби шеберлігі мен қолдауы үшін алғыс білдіреміз. Еленаны және жетекшісін лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Қалалық кезеңде сәттілік, сенімділік және жоғары нәтижелер тілейміз!
Оқушыларымыз — «Өрлеу» байқауының Гран-при иегерлері 🎸🏆
16
ақпан
2026
Оқушыларымыз — «Өрлеу» байқауының Гран-при иегерлері 🎸🏆
Оқушыларымыз «Орлеу» байқауында жоғары деңгейде өнер көрсетіп, гитарада ойнау шеберлігі арқылы Гран-при жүлдесін жеңіп алды. 🎶 Бұл жеңіс — табанды еңбектің, үздіксіз дайындықтың, жіберілген қателіктерден сабақ алудың, шығармашылық өсудің және өз-өзіне деген сенімнің нәтижесі. Әрбір өнер көрсету сайын олардың орындаушылық шеберлігі артып, өздеріне деген сенімі нығая түсуде. Жеңістеріңіз құтты болсын! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруларыңызға тілектеспіз! 👏✨