9-сынып оқушылары Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжіне барды » №144 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№144 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 374-70-71
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-70-65
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 9-сынып оқушылары Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжіне барды
01
сәуір
2026

9-сынып оқушылары Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжіне барды

Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында мектебіміздің 9-сынып оқушылары Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжіне барып қайтты. Экскурсияның негізгі мақсаты – туризм, сервис және қонақжайлылық саласындағы заманауи мамандықтармен таныстыру және оқушылардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына бағыт беру.

Экскурсия барысында оқушылар колледждің білім беру бағдарламаларымен танысты. Атап айтқанда, қонақүй ісі, туризм, мейрамхана қызметі және қызмет көрсетуді ұйымдастыру бағыттары бойынша мәлімет алды. Колледж өкілдері оқу үдерісі, қабылдау талаптары, тәжірибеден өту мүмкіндіктері және жұмысқа орналасу перспективалары туралы түсіндірді.

Оқушылар үшін оқу кабинеттері мен тәжірибелік алаңдарды көру ерекше қызықты болды. Олар қызмет көрсету саласындағы мамандықтардың практикалық қырларымен танысып, өз сұрақтарына жауап алды.

Мұндай іс-шаралар оқушылардың кәсіби бағдарын айқындауда маңызды рөл атқарады және олардың дүниетанымын кеңейтеді.

Ученики 9-х классов посетили колледж индустрии туризма и гостеприимства

В рамках профориентационной работы учащиеся 9-х классов нашей школы посетили Колледж индустрии туризма и гостеприимства. Основной целью экскурсии стало знакомство с современными профессиями в сфере туризма, сервиса и гостиничного бизнеса, а также формирование осознанного профессионального выбора. 

В ходе визита учащиеся ознакомились с образовательными программами колледжа, включая гостиничное дело, туризм, ресторанный сервис и организацию обслуживания. Представители учебного заведения рассказали о специфике обучения, условиях поступления, прохождении практики и возможностях трудоустройства в индустрии гостеприимства.

Особый интерес вызвало знакомство с учебными кабинетами и практическими зонами, где моделируются реальные условия работы в гостиницах и ресторанах. Учащиеся получили возможность задать вопросы преподавателям и студентам, что позволило глубже понять особенности профессий данной сферы.

Подобные мероприятия способствуют расширению кругозора учащихся и помогают им в выборе будущей профессиональной деятельности.









Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: