Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясындағы экскурсиялар
Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 9-сынып оқушылары Алматы қаласындағы бірнеше колледжге экскурсия жасап, түрлі мамандықтар әлемімен танысты. Атап айтқанда, оқушылар Архитектура, дизайн және инженерия колледжіне, Алматы электромеханикалық колледжіне және Алматы сервис және технология колледжіне барды.
Экскурсия барысында оқушылар колледждердегі мамандықтар туралы толық мәлімет алып, оқу кабинеттері мен шеберханаларын аралады. Сонымен қатар сәулет, дизайн, инженерия, техникалық және қызмет көрсету салаларындағы кәсіби бағыттармен танысып, білім алу мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.
Осындай танымдық кездесулер оқушылардың кәсіби қызығушылықтарын анықтауға, мамандықтар әлемі туралы түсінігін кеңейтуге және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға ықпал етеді.✨
Экскурсии в рамках профориентационной работы
В рамках профориентационной работы ученики 9-х классов посетили несколько колледжей города Алматы: Колледж архитектуры, дизайна и инженерии, Алматинский электромеханический колледж, а также Алматинский колледж сервиса и технологий.
Во время экскурсий школьники познакомились со специальностями колледжей, посетили учебные аудитории и мастерские, а также получили информацию о направлениях обучения и перспективах профессионального развития в сферах архитектуры, дизайна, инженерии, технических и сервисных профессий.
Подобные встречи помогают учащимся расширить кругозор, лучше понять свои интересы и сделать осознанный шаг к выбору будущей профессии.🎓✨











