Жоғары сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру кездесуі » №144 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№144 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 374-70-71
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-70-65
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жоғары сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру кездесуі
11
наурыз
2026

Жоғары сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру кездесуі

Мектептің акт залында жоғары сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру кездесуі өтті. Кездесуге Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Алматы қаласының еңбек мобильділігі орталығы» КММ өкілі қатысып, оқушылармен ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.

Іс-шараның мақсаты – оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс таңдауға көмектесу, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат беру және кәсіби білім алу мүмкіндіктерімен таныстыру болды.

Кездесу барысында оқушыларға еңбек нарығындағы қазіргі талаптар, кәсіптік білім алу жолдары және мектептен кейінгі білім беру мүмкіндіктері туралы түсіндірілді. Сондай-ақ оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан қажетті кеңестер алды.

Осындай кәсіби бағдар беру кездесулері оқушылардың болашақ мамандықты саналы түрде таңдауына және өз кәсіби бағытын анықтауына үлкен ықпал етеді.

Профориентационная встреча со старшеклассниками

В рамках профориентационной работы в актовом зале школы состоялась встреча учащихся старших классов с представителем КГУ «Центр трудовой мобильности города Алматы» Управления занятости и социальных программ города Алматы.

Мероприятие было проведено в соответствии с нормами Социального кодекса Республики Казахстан и направлено на информирование школьников о возможностях профессионального выбора, востребованных профессиях и перспективах трудоустройства. В ходе встречи учащимся рассказали о современных требованиях рынка труда, о направлениях профессионального обучения, а также о возможностях получения дальнейшего образования после окончания школы.

Старшеклассники получили полезную информацию о планировании профессионального пути, смогли задать интересующие вопросы и получить консультации по выбору будущей профессии. Подобные встречи способствуют формированию осознанного профессионального самоопределения учащихся и повышают их информированность о возможностях дальнейшего образования и трудовой деятельности.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: