19
қараша
2025
Оқушылардың ХХIV Қазақстандық Халықаралық «Білім және мансап» көрмесіне баруы
Оқушылардың ХХIV Қазақстандық Халықаралық «Білім және мансап» көрмесіне баруы
Бүгін біздің оқушыларымыз «Атакент» көрме орталығының аумағында өткен ХХIV Қазақстандық Халықаралық «Білім және мансап» көрмесіне қатысты.
Аталған іс-шара дәстүрлі түрде отандық және шетелдік жетекші білім беру ұйымдарын біріктіріп, кәсіби бағдар беруге, академиялық көкжиегін кеңейтуге және оқуға деген ынтаны арттыруға мүмкіндік беретін алаң қалыптастырады.
Оқушылар заманауи білім беру бағдарламаларымен, жоғары оқу орындары мен колледждердің инновациялық тәжірибелерімен танысып, болашақ мамандықты таңдауға байланысты кеңес алды.
Мұндай іс-шараларға қатысу саналы білім беру бағыттарын қалыптастыруға және сапалы білімге деген құндылықты көзқарасты нығайтуға ықпал етеді.
Посещение учащимися ХХIV Казахстанской Международной выставки «Образование и карьера»
Сегодня наши ученики посетили ХХIV Казахстанскую Международную выставку «Образование и карьера», проходящую на территории выставочного центра «Атакент».Мероприятие традиционно объединяет ведущие отечественные и зарубежные образовательные организации, создавая пространство для профессиональной ориентации, расширения академического кругозора и развития мотивации к обучению.
Учащиеся познакомились с современными образовательными программами, инновационными практиками вузов и колледжей, а также получили консультативную информацию по выбору будущей профессии. Подобные посещения способствуют формированию осознанных образовательных траекторий и укреплению ценностного отношения к качественному образованию.









