Біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асырудамыз » №144 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№144 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 374-70-71
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-70-65
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асырудамыз
05
ақпан
2024

Біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асырудамыз

#Біртұтастәрбие бағдарламасын жүзеге асыру барысында, еңбекке баулу мәселесін мектебімізде тілге тиек еттік. 
Мектеп оқушыларын еңбекке баулудың басты міндеттерінің бірі-балаларды негізінен еңбекке тәрбиелеу,  қоғам игілігі үшін еңбек жасату, оқушылардың еңбекке деген көзқарастарын шығармашылық қатынаста тәрбиелеу.   Адамдардың ең бірінші өмірлік қажеттілігі-еңбек екені,  сол арқылы өз бойындағы еңбек қабілеттерін дамытып отыратыны, үлкейе келе өзінің бойындағы асыл қасиеттерінен өмірлік нәр алатындығын мектеп табалдырығын  аттаған жасөспірімдердің бойына  ерте бастан дарыта білу керек.  Педагогика ғылымының негізгі ұстанымдары бойынша бастауыш сыныптарда өтілетін барлық пәндердің ара салмағы бірдей болып саналатындығы белгілі екенін ескерсек те дегенмен әрбір  пәннің өзіндік ерекшеліктері, мүмкіндіктері әркелкі болып келеді. Еңбек сабағы — мектеп оқушыларына жай ғана білім беріп қана қоймай, ең бастысы оқушыларды іздені паздылыққа, еңбекқорлыққа баулитын тәлім сабағы болып келеді. Еңбекке баулу сабақтары арқылы баланың бойында еңбек қабілеттері, дүниетанымдары кеңейе түсіп, олардың бәрін жинақтау қабілеттері, техникалық сауаттылықтары арта түседі.  Еңбек сабақтары арқылы баланың бойында еңбексүйгіштік қабілеттері дами түсіп адамгершілік қасиеттері қалыптасады және еңбек адамдары туралы түсініктері кеңейе түседі.  Бастауыш сыныптарда өтілетін еңбекке баулу  сабақтарында оқушылардың орныдайтын жұмыстары қаншалықты қарапайым әрі оңай болғанымен еңбек жөніндегі тәжірибесі аз балаға оны орындап шығу қиынға соғады.  Бұл  жұмыстар алғашқы күннен бастап мұғалімнің көмегімен жүзеге асырылып отырады. Сондықтан алғашқы сабақтан бастап түрлі жұмыстарды жүйелі түрде орындай білуге оқушыларды дағдыландырсақ, іске төселдірсек олардың қандай істі болса да атқара алатындығына сенімдері арта түседі. Ондай кездерде оқушы бойында еңбекке деген құштарлықтары, сабаққа ынтасы, ықыласы да арта түседі.  «Сабақ мұғалім, күнбе-күн  оқушыларға білім, тәрбие беретін және жан-жақты дамытатын оқу-тәрбие прлцесінің негізгі саласы», деген Сухомлинский.  Сабақта мұғалімнің жеке басының үлгісі оқушылар үшін маңызды екені белгілі. Бұл туралы Сухомминский былай деп  жазған : «Сабақ мұғалімнің жалпы педагогикалық мәдениетінің бет-бейнесі, оның зияттық байлығының өлшемі, оның ой-өрісінің , білімдарлығының көрсеткіші».
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: