ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН МАРАПАТТАДЫ » №144 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№144 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 374-70-71
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-70-65
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН МАРАПАТТАДЫ
24
қазан
2023

ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН МАРАПАТТАДЫ

Республика күніне орай салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Ғани Бейсембаев педагогтер мен білім беру саласы қызметкерлерін Республика күнімен құттықтап, олардың қызметіне сәттілік тіледі.
«25 қазан - Қазақстан Республикасының егемендігінің негізі қаланған тарихи күн. Еліміз тәуелсіз мемлекет ретінде түрлі қалыптасу мен даму кезеңдерінен өтті. Мұның бәрі біздің азаматтарымыздың, оның ішінде қазақстандық білім жүйесін дамытуға күнбе-күн үлес қосып жүрген педагогтердің, мектеп оқушылары мен студенттердің жетістіктерімен тығыз байланысты.
Білім саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА-ның бас ғылыми қызметкері Жауымбай Қараев «Парасат» орденімен марапатталды. Білім беру саласының 4 қызметкері «Құрмет» орденін, 12 қызметкері «Ерен еңбегі үшін» медалін, сондай-ақ 3 қызметкер Құрмет грамотасын иеленді. Оларға «Еңбек ардагері» медалі, Ыбырай Алтынсарин медалі, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», ҚР Оқу-ағарту Министрінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары, «Оқу-ағарту министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері» дипломдары табыс етілді. Құрметпен марапатталған Бакушева Айман Матаевнаны барлық мектеп ұжымы және оқушылары құттықтай отырып, беделді ұстазымызға жақсы ниетпен айтылған тілектерін білдірді. Еңбегіңіз жемісті болсын!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: