18.10.16 күні №144 мектеп-гимназиясының 25 жылдығына арналған ашық сынып сағаты өтті
18.10.16 күні №144 мектеп-гимназиясының 8 “A” сыныбында Ұлтаралық ынтымақтастық пен достықтың 25 жылдығына арналған ашық сынып сағаты өтті. Ұлтаралық достықты нығайту, әр түрлі ұлттардың дәстүрі мен мәдениетімен танысу мақсатында өткен ашық сынып сағаты сынып жетекші Капизова Гульдана Баязитовнаның құттықтау сөзімен басталды. Оқушылар орыс, өзбек, ұйғыр, украин, корей халықтарының мәдениетімен, дәстүрімен таныстырды. Сабақ соңы “Бір шаңырақ астында" тақырыбындағы бимен, мектеп оқушыларының тілектерімен (интервью) аяқталды.
Харова М. 6 «Б»-сынып:
-Қазақстан одан әрі дамып, гүлдене берсін!
Мираева Ш. 9 «Б»-сынып:
-Қазақстанда достық, татулық, бірлік болсын!
Варданян К. 6 «Б»-сынып:
-Еліміз дамыған елдердің қатарынан көрінсін!
Надиров Б. 11 «А»-сынып:
-Қазақстан өркендей берсін!